Harmony Global-да International Baccalaureate бағдарламасы 0-сыныптан12-сыныпқа дейін жүзеге асырылады, сондықтан балаға мектеп ауыстырудың қажеті жоқ
Екі мектеп. Бір құндылық
Harmony Global – Астанадағы Harmony мектептер желісінің екінші мектебі: бұл қолданыстағы мектептің орнын басу емес, ортақ құндылықтарға, балаға бағытталған көзқарасқа және академиялық мәдениетке негізделген білім беру ортасын кеңейту.
10 446 м²
Highvill тұрғын үй кешеніндегі жаңа ғимарат
800
оқушыға арналған
20-ға дейін
сыныптағы оқушы саны
0–5
сыныптар, 2026 жылдың қыркүйегінен
Біздің серіктестер
“
«Harmony – бұл тек білім беру бағдарламасы ғана емес. Бұл баланың өсіп, дамуына жағдай жасайтын орта.»
Исмаил Эльма, Harmony мектептерінің бас директоры
IB бағдарламасы өмір бойы оқу дағдысын қалыптастырады
Harmony Global IB PYP бағдарламасын ұсынатын болады. Бұл балалардың зерттеушілік қабілетін, сыни тұрғыдан ойлауын және алған білімін өмірде сенімді қолдануын дамытатын халықаралық бағдарлама.
Баға емес, ойлау маңызды
Бала сұрақ қоюды, жауап іздеуді және өз ойын дәлелдеуді үйренеді. Мұндағы мақсат – баға алу емес, тақырыпты терең түсіну.
Зерттеу мен жобалар
Оқушылар алған білімдерін қоршаған ортамен байланыстыра отырып, пәнаралық жобаларды орындайды.
Жаһандық көзқарас
Ашық ойлау мәдениеті, әртүрлі көзқарастарды құрметтеу және тез өзгермелі әлемде өмір сүруге дайын болу.
Білім алуға ынта ашатын ұстаздар
Біз ұстаздарға балаға сияқты үнемі инвестиция құямыз. Ұстаздарымыздың басым бөлігі үш тілде сөйлеп, пәндерін ағылшын тілінде береді. Білім берудегі орта тәжірибесі – 12 жыл.
Исмаил Эльма
Бас директор
Мектеп менеджментіндегі 20 жылдан астам тәжірибе. Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталған.
Достан Сегизбаев
Директор
БИЛ және НЗМ білім беру жүйелерінде 18 жылдық тәжірибе. Назарбаев Университетінің «Білім беруді басқару саласы» бағыты бойынша магистрі. Cambridge University сертификатталған маманы. CIS, Нидерланды, аккредиттеу жөніндегі халықаралық сарапшысы.
Сауле Байрбаева
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Білім беру саласында 14 жылдық тәжірибе. Назарбаев Зияткерлік мектептері (NIS) жүйесінде 12 жылдық тәжірибе. CIS халықаралық бағалаушысы. UCL университетінің Master of Education дәрежесі.
Дина Мукатова
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Білім беру саласында 14 жылдан астам тәжірибесі бар педагог. IELTS халықаралық емтиханы бойынша сертификатталған маман, кәсіби тәлімгер.
“
«Мектеп директоры ретінде әр баланың қауіпсіздігіне, олардың алаңсыз білім алып, тұлға ретінде қалыптасуына, тіпті мектепті бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан сәтіне дейін өзімді жауапты сезінемін. Бұл – менің басты міндетім.»
Достан Сегизбаев, Harmony Global мектебінің директоры
Оқуға қызығушылық
«Ең бастысы – оқу процесін қызықты ету. Балалардың ынтасы болғанда, олар шаршамайды және білімді жақсырақ меңгереді».
Қауіпсіз орта
«Бала өзін қорғалған сезінетін, қателік жіберуден қорықпай, жаңа нәрселерді байқап көруге және әртүрлі қызығушылықтарын ашуға сескенбейтін орта қалыптастыру өте маңызды».
Отбасымен серіктестік
«Мектеп – қолайлы орта мен сапалы білімді, ал ата‑аналар – баланың дербестігін қолдайды. Гармония мектеп пен отбасы бір бағытта қадам басқанда орнайды».
Тәрбиеші көмекшісінен бастап – Harmony Global директорына дейін
Кәсіби жолы мен біліктілігі
Педагог‑зерттеуші · Екінші санатты басшы
18 жылдық педагогикалық өтіл – тәрбиеші көмекшісі → мұғалім → әдіскер → БИЛ және НЗМ директорының орынбасары
Назарбаев Университетінің «Білім беруді басқару саласы» бағыты бойынша магистрі
Cambridge University сертификатталған маманы
Council of International Schools (CIS, Нидерланды) аккредиттеу жөніндегі халықаралық сарапшысы
IAAR сарапшысы – Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі
Жасөспірімдерге арналған тайм‑менеджмент курсының авторы
Harmony STEAM оқу ісі жөніндегі директорының орынбасары
«Білім‑Инновация» қоры – болашақты бірге қалыптастырамыз
Harmony Global – БИЛ‑дің филиалы емес, оның ресми стратегиялық серіктесі: оқушыларымыз қордың іс‑шараларына, конкурстары мен олимпиадаларына қатысады, ал тәрбие жұмысы БІЛ лицейлерінің үздік тәжірибесі негізінде құрылған. Бұл не береді?
Қор мектептері арасындағы ауқымды іс‑шаралар мен конкурстарға қатысу
БИЛ стандарттары бойынша білім сапасына тұрақты ішкі мониторинг жүргізу
БИЛ лицейлерінің озық тәжірибесіне негізделген тәрбие жүйесі
Ортақ әдістемелік база мен кәсіби педагогтар қауымдастығына қолжетімділік
Олимпиадаға дайындық және жоғары академиялық мәдениет
Мектеп басшысы – БИЛ және НЗМ жүйесінде 18 жылдық тәжірибесі бар маман
Консультация немесе қабылдау кешеніне жазылыңыз
Harmony Global командасы бағдарлама туралы айтып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.
Командамен танысу
IB бағдарламасын талдау
Кешенді қабылдау емтиханын тапсыру
Батырманы басу арқылы жеке деректерді өңдеуге келісесіз.